Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы (2017.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.12. № 1036 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.03.03. № 102 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегі № 754 қаулысымен бекiтілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар: 1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi); 2) жілiншiк протездерi; 3) жамбас протездерi; 4) кеуде бездерінiң протездерi; 5) аппараттар, туторлар; 6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар; 7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар; 8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары; 9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар); 10) аппараттарға арналған аяқкиім; 11) жейде киюге арналған құрылғы; 12) колготки киюге арналған құрылғы; 13) шұлық киюге арналған құрылғы; 14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек); 15) белсенді ұстағыш; 16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш; 17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш; 18) кілтке арналған ұстағыш. 2. Сурдотехникалық құралдар: 1) есту аппараттары; 2) веб-камерасы бар ноутбук; 3) көп функционалды дабылды жүйелер; 4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар; 5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар; 6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары; 7) дауыс шығаратын аппарат. 3. Тифлотехникалық құралдар: 1) тифлотаяқтар; 2) оқу машиналары; 3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук; 4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы; 5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi; 6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; 7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар; 8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; 9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар; 10) сөз шығаратын термометр; 11) сөз шығаратын тонометр; 12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр; 3-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал; 14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе; 15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері. 4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары: 1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар; 2) серуендеуге арналған кресло-арбалар. 5. Міндетті гигиеналық құралдар: 1) несеп қабылдағыштар; 2) нәжіс қабылдағыштар; 3) жөргектер; 4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар); 5) катетер; 6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик; 7) қорғаныш крем; 8) сіңіргіш ұнтақ (опа); 9) иісті бейтараптандырғыш; 10) теріні тазартқыш; 11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық; 12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар; 13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.
|