|
|
|
«Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 939 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми, мұражайлық және кітапханалық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ түркітану саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің ілгерілеуіне жәрдемдесу болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарғылық капиталды қалыптастыру үшін және ғылыми зерттеулер жүргізуге 228277000 (екі жүз жиырма сегіз миллион екі жүз жетпіс жеті мың) теңге сомасында қаражат көздесін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғамның жарғысын бекітуді; 2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан қоғамды орналастыру үшін үй-жай берсін. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлінетін қаражат есебінен 70650000 (жетпіс миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |