Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы (2014.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы бекітілсін. 2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (И.А. Шварцкопф): 1) Заң департаментімен (С.М. Қаппасов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығымен бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген. 2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады: 1) Бағалау обьектілері - акциялардың пакеттері мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдар, соның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|