Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы 12 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 28 тамыз
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-3/611 бұйрығымен бекітілген
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|