Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы (2019.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) басым жобаларға кредит беру тетігі; 2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 459 Қаулысымен тетігі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген
Басым жобаларға кредит беру тетігі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі 600 миллиард теңгеге дейін құрайды. 2. ЕДБ-ға және АНК-ға қаражат беру шарттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты және өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемелері бойынша өтеу мерзімі 7 жылға дейін 600 миллиард теңгеге дейін сомаға ЕДБ және АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|