|
|
|
Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары туралы
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |