|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 6-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының Жоғарғы Сот Төрағасымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте ауданаралық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.»; 3-тармақтағы «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 16-бапта: 1-тармақта: 1-баптың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) аудандық және облыстық соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;»; 2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады. Кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттары судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады. 2-1. Облыстық сот кеңейтілген жалпы отырыстар өткізеді, оларда: 1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді; 2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады; 1-баптың 2) тармақшасының он үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) Жоғары Сот Кеңесі кадр резервінен ұсынған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және тиісті қорытындылар шығарады. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады.»; 1-баптың 3) тармақшасы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 18-баптың 7-тармағы алып тасталсын; 4) 20-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 5) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-8) тармақшамен толықтырылсын: «7-8) облыстық сот төрағасының және сот алқасы төрағасының, Жоғарғы Сот судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;»; 1-баптың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6) 23-1-баптың 1-тармағында: екінші бөліктегі «тағайындауға ұсынылады» деген сөздер «тағайындалады» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурссыз тағайындау осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 7) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Судья қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.»; 8) 29-бапта: 1-баптың 8) тармақшасының екінші абзацы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақтың 3) және 5) тармақшаларындағы «Жоғарғы Сот» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.»; 5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «сегізінші» деген сөз «тоғызыншы» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақта: бірінші бөлікте: 1-баптың 8) тармақшасының сегізінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «төрағасы мен» деген сөздер алып тасталсын; «тұрғылықты жері немесе жұмыс орны» деген сөздер «жұмыс орны» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Осы тармақтың облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттігі туралы талабы жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға, сондай-ақ бұрын судья лауазымын атқарған адамдарға ғана қолданылады. Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс.»; 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа: 1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның; 2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның; 3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның; 4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді. Осы тармақтың атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол бермеу туралы талабы: 1) шалғай жерде орналасқан соттарда судья лауазымына орналасуға ниет білдірген судьяларға; 2) тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының бар екендігі туралы медициналық қорытындысы бар судьяларға; 3) бұрын соттың қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, соттар судьяларының штат санының азайтылуына байланысты судья лауазымына конкурссыз тағайындалған судьяларға қолданылмайды. Шалғай жерлерде орналасқан соттардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды. 8. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін тағылымдамадан өтеді. Бұл ретте судьялыққа кандидаттар Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.»; 9) 30-бапта: 1-баптың 9) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымдарға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдар қатарынан жүзеге асырады.»; 4-тармақта: бесінші бөліктегі «екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын: «Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды, осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына баламалы негізде енгізеді.»; 10) 31-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жергілікті және басқа да соттардың төрағаларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды. 1-баптың 10) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттардағы ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындала алмайды.»; 1-баптың 10) тармақшасының бесінші - он екінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 7-тармақтағы «тағайындауға ұсынылады» деген сөздер «тағайындалады» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы сот судьялары өздерінің келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстырылған кезде судьялар өздерінің келісімімен басқа тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.»; 9-тармақтағы «тағайындауға ұсынылады» деген сөздер «тағайындалады» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: «10. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін Жоғары Сот Кеңесі қарайды.»; 11) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды: Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті; Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүзеге асырады. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттігін тоқтата тұру мәселелерін қарайды.»; 12) 34-бапта: 1-тармақта: 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы; 10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкілеттік мерзімінің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды. 2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.»; 1-баптың 12) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақтың үшінші бөлігінде: «келісуімен» деген сөзден кейін «осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; «тағайындауға ұсынылады» деген сөздер «тағайындалады» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 34-1-баптың 1-тармағындағы «Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 35-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Судьяны орнынан түсу нысанында лауазымынан босату судьяның Жоғары Сот Кеңесіне орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Судьяның орнынан түсу туралы өтінішін қарау тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.»; 3-тармақтағы «Жоғарғы Сот Төрағасы» деген сөздер «Жоғары Сот Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Орнынан түсуге құқықты растауды және оны тоқтатуды Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдардың негізінде Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесіне қарау үшін жіберіледі.»; 1-баптың 15) тармақшасы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 15) 38-2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «38-2-бап. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады. Жоғары Сот Кеңесі Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»; 16) 44-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.»; «5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзгеше шешім қабылдауына негіз болып табылады. Жоғары Сот Кеңесінің осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.». 2-бап. Осы Конституциялық заң: 1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6) тармақшасын, 10) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 12) тармақшасының тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын; 2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2) тармақшасының үшінші, төртінші және он үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының сегізінші абзацын, 9) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші абзацын; 3) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз № 215-VІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |