Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1102 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiнде: 5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 10 жылдан 49 жылға дейiн пайдалану.»; 14-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «заңды тұлғалар үшін - жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариатта расталған);»; «3. Тендерлерді ұйымдастыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|