ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 және «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережеде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. _______________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»; 4. 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|