|
|
|
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмысты жүзеге асыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жақсарту, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғамның жарғысын бекітуді; 2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды; 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |