Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 3-3/1119 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 13-қосымша
Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (2016.27.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және иттердің үй-ұлттық тұқымдарына бонитирлеу (бағалау) жүргізуді нақтылайды. 2. Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын бағалауды бонитерлер (сыныптаушылар)/сарапшы-кинологтар жүргізеді. 3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады. Ит шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, олардың өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, барынша жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|