«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН: «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартта: 2.1.6-тармақ алынып тасталсын; 2.2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.2.5. Орталық: 1) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден өту; 2) Оқу орнында оның оқуын ұйымдастыру; 3) Оқу орнында оқуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|