«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 14-үй.»; орталық аппараттың функцияларында: 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;»; 11-8) тармақша алып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;»; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|