|
|
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы (2021.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 916 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн. 2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7) және 38-8) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 669 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 14-үй. 10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2018.16.11. № 772 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің миссиясы -Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу; 2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру; 3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2015.09.06. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1107 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.15.11. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.10. № 685 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 772 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 669 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.08.04. № 217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.30.09. № 694 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi; 2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді; 4) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді; 5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады; 6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды; 6-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады; 7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады; 7-1) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді; 8) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаржы қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады; 9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 9-1) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды; 10) ведомстволық әскери оқу орындарының және әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады; 11) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді; 11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады; 11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады; 11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді; 11-6) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады; 11-7) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады; 11-8) ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; 13) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 13-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады; 14) террорризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады; 15) мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, Қарулы Күштердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстайтын және қамтамасыз ететін, өз құзыреті шегінде сыртқы барлауды, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылды, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 15-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды; 16) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді; 17) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді; 19) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі; 20) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады; 22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шифрлау жұмысын, мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, өндіруді, енгізуді, сүйемелдеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады; 22-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді; 23) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады; 24) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 25) - 29) ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады; 30-1) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді; 31) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады; 32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 32-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады; 33) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды; 33-1) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды; 33-2) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді; 34) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді; 34-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 35) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді; 35-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды; 35-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді; 36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады; 36-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды; 37) ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 38) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады; 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7) және 38-8) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді 38-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді; 38-2) ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 38-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады; 38-4) стандарттау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады; 38-5) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды; 38-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 38-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады; 38-8) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 38-9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамасын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізеді; 38-10) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде арнайы тексерулер мен арнайы зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді; 38-11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді; 38-12) құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізеді; 38-13) Қазақстан Республикасының әскери ұлттық стандарттарын әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады; 38-14) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады; 38-15) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қосарланған және әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асырады; 38-16) қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат береді; 38-17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 38-18) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 38-19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді; 38-20) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді; 38-21) пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстінен ұшуын келіседі; 38-22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; 38-23) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді; 38-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді; 38-25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді; 39) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ведомствоның функциялары: 1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын əзірлейді; 2-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 3) әскерлерді жоспарлау, дайындау және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады; 4) ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысады; 6) Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінде ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; 6-1) экономика салаларынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді; 6-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді; 7) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді; 8) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді; 10) ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді; 12) Қарулы Күштерді әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |