Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы (2018.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 916 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн. 2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй. 10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің миссиясы -Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу; 2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру; 3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2015.09.06. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1107 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.15.11. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.10. № 685 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: 1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi; 2-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді; 4) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді; 5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады; 6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды; 7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады; 7-1) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді; 8) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаржы қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады; 9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 9-1) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды; 10) ведомстволық әскери оқу орындарының және әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады; 11) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді; 11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады; 11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады; 11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді; 11-6) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады; 11-7) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады; 12) қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; 13) халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 14) террорризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады; 15) мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, Қарулы Күштердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстайтын және қамтамасыз ететін, өз құзыреті шегінде сыртқы барлауды, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылды, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 15-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды; 16) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді; 17) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді; 19) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі; 20) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады; 22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды және ақпарат қауіпсіздігін қорғауды ұйымдастырады; 22-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді; 23) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады; 24) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылық жасауды жүзеге асырады; 25) - 29) ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30) меншік нысанына қарамастан, орындаушы кәсіпорындарда өндірістің барлық кезеңдерінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орналастыратын мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады; 30-1) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді; 31) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады; 32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 32-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады; 33) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді; 33-1) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды; 34) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді; 34-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 35) пайдаланылмайтын əскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тəртібіне сəйкес пайдаланылмайтын əскери мүлікке иелік етеді; 36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады; 36-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды; 37) ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 38) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады; 39) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ведомствоның функциялары: 1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды; 2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын əзірлейді; 2-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 3) әскерлерді жоспарлау, дайындау және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады; 4) басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылымы, оларды дамыту жоспарларын әзірлеуді үйлестіреді, олардың орындалуын бақылайды; 5) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлейді, Қарулы Күштерді жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысады; 6) Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінде ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; 7) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді; 8) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 9) қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын əзірлейді; 10) ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді; 12) Қарулы Күштерді әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді; 13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен жедел қолдану және олардың өзара іс-қимылы жоспарын әзірлеуге қатысады; 14) Тыйым салынған аймақтарды және тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді; 15) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді жүзеге асырады; 16) Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрілермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақталуын, есепке алуды, есептен шығару мен кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлауды ұйымдастырады; 16-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады; 17) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді; 18) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 19) әскерлердің қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; 20) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді; 21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарды ұйымдастырады және өткізеді; 22) халық пен аумақты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру және оның салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды; 23) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 24) мемлекеттік авиация қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады; 25) мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырады; 26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштерді қолдануды және басқаруды, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылын жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады. 1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу; 3) демеушілік, қайырымдылық көмекті, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде көрсетілетін көмекті алу және пайдалану; 4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 19. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. 20. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 671 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.10. № 685 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді 21. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкілеттігі: 1) өз орынбасарларының, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді; 3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды; 4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады; 8) бұйрықтар мен директивалар шығарады; 9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылымы жөніндегі ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады; 10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару жөніндегі мәселелерді шешеді; 11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және әскер түрлері, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді; 12) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді; 13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді; 13-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді; |