Бейресми аударма
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы КЕЛІСІМ
ҚР 2020 жылғы 29 мамырдағы № 338-VI Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмауға жағдай жасауға ұмытыла отырып, тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізу кезіндегі олардың айналымының заңдылығын растау мақсатында, тауарлар айналымымен байланысты операцияларға бақылауды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады: «тұлға» - жеке тұлға, оның ішінде, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға, заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын ұйым; «қадағалап отыру тетігі» - ұлттық қадағалап отыру жүйесінен мәліметтер алмасудың негізінде жұмыс істейтін және тауарлар айналымын бақылау мақсатында қадағалап отыруды қамтамасыз ететін жүйе; «ұлттық қадағалап отыру жүйесі» - мүше мемлекеттің қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлар айналымымен байланысты операциялар туралы мәліметтер жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесі; «тауарлар айналымы» - Ішкі тұтыну үшін шығару кеден рәсіміне сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарларды шығару, осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өткізу, өткізумен байланысты және осы Келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған жағдайларда оларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізу; «қадағалап отыру» - осы Келісімді іске асыру мақсатында ұлттық қадағалап отыру жүйесін пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымымен байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|