Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы (2012.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже бекiтілсін. 2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген). 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қантардағы № 32 бұйрығына 1- қосымша
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже
1. Жалпы ереже
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді. Ереже жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі - жекеше нотариустың); мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариусының (бұдан әрі - мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс өндірісін, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі электрондық тізілімді (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі. 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу; 2) істер номенклатурасын жасау; 3) істерді қалыптастыру; 4) істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау; 5) істерді сақтау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|