|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |