Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидаларын бекiту туралы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 27 қазан
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 19-3/913 бұйрығымен бекітілген
Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексiнің 90-бабы 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу тәртiбiн айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|