«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) білім берудің білім беру-сауықтыру ұйымдары мен олардың тиісті түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 97) және 98) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын: «113-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 166-1) тармақшамен толықтырылсын: «166-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіптік шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|