«Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 545 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10582 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын; 3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|