Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|