Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы (2024.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.13.11. № 94 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.26.07. № 137 бұйрығымен преамбуласы жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 7) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.11.10. № ҚР ДСМ-27 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.12.07. № ҚР ДСМ-60 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.07. № 137 бұйрығымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.13.11. № 94 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінің тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін орналастыру туралы есеп» нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде активтер мен пассивтер бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебі» нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|