|
|
|
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (2014.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары; 2) Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары; 3) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 4) Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 5) Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 7) Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 8) Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 9) Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 10) Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 11) Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 523-құжат). 2. «Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 29 бет). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 571-құжат). 4. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 647-құжат). 5. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 31-құжат). 6. «Қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 47-құжат). 7. «Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 50-құжат). 8. «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 6, 61-құжат). 9. «Кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 95-құжат). 10. «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 110-құжат). 11. «Кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 115-құжат). 12. «Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 124-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 934 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 400-құжат). 14. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 69 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 32-құжат); 15. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |