|
|
|
Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекіту туралы (2023.27.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1008 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1008 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидалары бекiтілсiн. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін. 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |