Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 535 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 3-тармақтың 4) тармақшасындағы «өтініштерін» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) прокурорлық қадағалау актілерін»; 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі. Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс. 12. Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарының бақылауы үшін жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есепті алғаннан кейін құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей Басшылыққа: 1) Президенттің кесімдері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзімін ұзарту туралы, не құжаттарды Үкіметтің және/немесе Премьер-Министр Кеңсесінің жұмыс бабындағы бақылауына көшіру туралы Үкіметтің Басшылығы немесе Кеңсе Басшысы (ол болмаса - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президенттің Әкімшілігіне негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын; 2) үкіметтік шешімдер, хаттамалық шешімдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе тиісті мемлекеттік органның жұмыс бабындағы бақылауына көшіру туралы ұсыныстармен бірге талдау нәтижелері бойынша анықтаманы ұсынады. Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе жұмыс бабындағы бақылауға көшіру Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарауы бойынша бөлімнің анықтамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылықтың тапсырмаларының орындалу мерзімінің ұзартылғаны немесе мемлекеттік органдардың жұмыс бабындағы бақылауына көшірілгені туралы хабардар етеді; 3) Үкіметтің Басшылығы мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмалары бойынша жекелеген бақылаудағы тармақтарды орындау орталық атқарушы органдардың жұмыс бабындағы бақылауына көшірілуі мүмкін»; 14, 14-1, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады. 14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімі жүзеге асырады. 15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады. 16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.»; 17, 17-1, 20-3-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 4-тармақтағы «орынбасарына» деген сөз «орынбасарларына» деген сөзбен ауыстырылсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) атына жіберілген хат-хабарларды (оның ішінде электрондық құжат форматында келіп түсетін) Кеңсе алдын ала қарайды. Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.»; жетінші абзацтағы «салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы» деген сөздерден кейін «, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы» деген сөздермен толықтырылсын; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «осы Регламенттің және Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қайтаруға құқылы.»; 19-тармақтың үшінші абзацында: «(жауапты хатшы немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлға)» деген сөздер алынып тасталсын; «немесе өзге де мүдделі органның (ұйымның) басшысы қол қойған,» деген сөздер «қол қойған және мәжіліс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілген,» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.»; 24-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын: «Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе тіркейді. Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.»; бірінші абзацтағы «оны алмастыратын немесе» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Үкіметтің мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ сапасыз және толық емес көлемде тапсырылған жағдайда Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.»; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Үкіметтің мәжілістеріне материалдардың уақтылы тапсырылмағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жауапкершілік жүктеледі.»; үшінші абзацтағы «оны алмастырушы немесе» деген сөздер алынып тасталсын; «анықтамаларды» деген сөзден кейін «(5 беттен аспайтын көлемде)» деген сөздермен толықтырылсын; «кестелерді,» деген сөзден кейін «слайдтарды,» деген сөзбен толықтырылсын; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Елтаңбалық бланкіге шығарылған хаттамаға орындаушы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.»; мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын: «39-1. Барысында халықаралық шарттарға қол қою жоспарланатын сапар (халықаралық іс-шара) басталғанға дейін Президент пен Үкіметтің халықаралық шарттарға қол қою туралы шешімдерінің жобалары белгіленген тәртіппен мыналарға: 1) кемінде бес апта бұрын Әділет министрлігіне; 2) кемінде үш апта бұрын Сыртқы істер министрлігіне; 3) кемінде екі апта бұрын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.»; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің, олардың басшы лауазымды тұлғаларының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.»; «Премьер-Министрде» деген сөзден кейін «оның орынбасарларында» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.»; 45-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) халықаралық шарттарға қол қою (оларды жасасу) туралы және олардың күшіне енуі жөнінде мемлекетішілік рәсімдер жүргізуді көздейтін қаулылар мен Президент Жарлықтарының жобалары - 5 жұмыс күні»; 46-тармақтағы «оның орынбасарының» деген сөздер «оның орынбасарларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі.»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаға жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған анықтама бірге беріледі;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) егер қаулының (өкімнің) жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары бірге беріледі;»; 5) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) орындау үшін қаулының жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері.»; мынадай мазмұндағы 4.5-1-бөліммен толықтырылсын: «4.5-1. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру 53-1. Белгіленген тәртіппен тіркелген Үкімет қаулысының жобасы (заң жобаларын қоспағанда) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ережелердің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін алдын ала тексеруге Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне, сондай-ақ заңдық техника ережелерінің сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне жіберіледі. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. 53-2. Үкімет қаулысының жобасын алдын ала тексерудің нәтижелері туралы Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны хабардар етеді. Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) және Заң бөлімі, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушілерінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді: 1) Үкімет мәжілісіне шығару; 2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (Заң бөлімінің оңай жойылатын ескертулері жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару; 3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру; 4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару. Қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзушылықтары бар, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған жобалар қажет болған кезде Әділет министрлігіне және/немесе әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде олар пысықтайды. 53-3. Белгіленген тәртіппен тіркелген, нөмірге келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі. 53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. 2) тармақшада: «Кеңсе Басшысының» деген сөздерден кейін «немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын; «талаптарын бұзушылықтар» деген сөздерден кейін «, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде; 3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;»; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс»; 56-тармақтағы «әзірлеушілер», «әзірлеуші» деген сөздер «әзірлеуші мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 57-тармақтағы «әзірлеуші» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын; 61-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) жіберіледі. Жариялау көзделетін барлық қаулылар жобаларының көшірмелері Үкімет мәжілісінің алдында Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне жіберіледі.»; 62-тармақтағы «Жоба бойынша» деген сөздерден кейін «осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 65-тармақтағы «Премьер-Министрдің» деген сөзден кейін «немесе Кеңсе Басшысының» деген сөздермен толықтырылсын; 70-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін екі күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге мерзімі белгіленеді.»; мынадай мазмұндағы 70-1, 70-2-тармақтармен толықтырылсын: «70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің орынбасары (тиесіліге қарай), Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі. 70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.»; 74-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісіледі.»; 81-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; 91-тармақтың бірінші абзацындағы «дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне» деген сөздердің алдынан «заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшадағы «магнитті» деген сөз «электрондық» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;»; мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) қабылданатын заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарының болжамдарын; 3-2) егер заң жобасын іске асыру мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) халықаралық шарттарды ратификациялау және күшін жою туралы заң жобаларын қоспағанда, заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды). Заң жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда тиісті қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс.»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс.»; 10) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: «13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдарының жобаларына қатысты республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін; 14) жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы жобаның және ұсыныстардың қабылдануына байланысты өзгертілуі немесе күші жойылды деп танылуы тиіс заңнамалық актілердің тізбесін»; мынадай мазмұндағы 6.3-1-кіші бөліммен толықтырылсын: «6.3-1. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды жүргізу тәртібі 98-1. Заң жобаларын таныстыру заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуы тиіс. Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстыру өткізілмейді. 98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптаманы жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады. 98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді: 1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты; 2) заң жобасы бойынша слайдтарды; 3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді; 4) қаржы-экономикалық есептерді; 5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін. 98-4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде алдын ала қарауға таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін, сондай-ақ Премьер-Министрмен, не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен таныстыру өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсенің Басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) оларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін. 98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді. Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады. 98-6. Таныстыруға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары, не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді, ол: 1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын тыңдайды; 2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын тыңдайды; 3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді; 4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. 98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады: 1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама; 2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат; 3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер. 98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды. 98-9. Таныстыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді. 98-10. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары және басқалар) таныстырылуы тиіс. Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.»; |