ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.22.07. № 207 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына 2-қосымша
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап: лицензия беру - 10 (он ) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|