|
|
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ басқа да ұйымдар (келісу бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестері мен қатысушыларынан тұратын өзара байланысты элементтер кешені. 2. Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.
2-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қағидаттары Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |