|
|
|
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы (2019.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. 2. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы 51% мөлшерінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.13.03. № 106 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |