«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 20-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етіп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етіп тұрсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 20-ө өкімімен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|