Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қаржы мониторингi комитетiнің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету.»; орталық аппараттың функцияларында: 26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «26) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;»; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелер, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі және оларды басқару;»; мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын: «34-1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды келісу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|