Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 4-қосымша
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары
1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен мүгедектердi қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды. 2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады. 3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және/немесе серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі - кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады. 4. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған өтінiштердiң (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|