Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2015.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 64) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1135 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібін белгілейді. 2. Сақталған жеріне қарамастан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары республикалық меншік болып табылады. ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 205 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|