Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев 2014 жылғы 11 қараша Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілді
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды. 2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын; 2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|