|
|
|
"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Эксимбанк) аудиторлық ұйыммен 2001 жылғы 1 қаңтар - 1 маусым кезеңі үшін аудит жүргізуге арналған шарт жасасуын; 2) жарғылық капиталдың мөлшерін Эксимбанктің меншікті капиталы деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Эксимбанк міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы ұсыныстарын енгізсін. 3. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |