Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 390 бұйрығымен күші жойылды
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 3-тармағына, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-2-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына (2014 жылғы 30 желтоқсанда № 10045 мемлекеттік тіркелімде тіркелген және 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 2 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының іске асыратын жұмыстары және қызметтерінің бағалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|