|
|
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 477 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15764 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін. 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |