Осы редакция 2017 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 3-қосымша
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы аккредиттеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларының 12-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Қағида), ғылыми және шарттары мен талаптарына сәйкес еместігіне байланысты дәлелді бас тарту жауабы, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 4. Көрсетілген қызметті алушының арызы түскен мезеттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) заңды тұлғаларға - күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде; 2) жеке тұлғаларға - күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|