|
|
|
«Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Цифрлық техника және технологиялар» акционерлік қоғамының «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «Сейсмология институты» ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «СТӘЭ» ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне «Сейсмология институты» ЖШС және «СТӘЭ» ЖШС мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 748 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |