|
|
|
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-17) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/125 қаулысына қосымша
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымының басқарушы компаниясының құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы); 2) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын және/немесе коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың (аясының) уәкілетті органы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |