|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 4-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу қағидаттары 5-бап. Мүдделер теңгерімі қағидаты 7-бап. Транспаренттілік қағидаты 8-бап. Өндірісті ынталандыру қағидаты 9-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары 2-тарау. ҮКІМЕТТІҢ, ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 11-бап. Уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ 15-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру тәртібі 16-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі 17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары 22-бап. Тұлғаларды қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберу негізі мен рәсімі 23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну 24-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату 25-бап. Арнайы экономикалық аймаққа қатысу құқығын беру 4-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ 26-бап. Индустриялық аймақтардың түрлері 27-бап. Индустриялық аймақты құру туралы жалпы ережелер 28-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі 29-бап. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі 30-бап. Жекеше индустриялық аймақты құру тәртібі 31-бап. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі 33-бап. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары 33-1-бап. Ерекше индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі 35-бап. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты тарату 35-1-бап. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру 5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ 36-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығы 37-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құзыреті 6-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ 38-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын құру 39-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары 40-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу 41-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 41-1-бап. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 43-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыру 7-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ 44-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру 45-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары 46-бап. Индустриялық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 48-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыру 49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тарату 50-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі 52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу 53-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар 55-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері 56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі; 3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы - арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға; 4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға. Бұл ретте: «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс жерде басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі; шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ретінде көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер әрекет ете алады; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) басым қызмет түрлері - арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) бейінді емес қызмет түрлері - басым қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін, өңдеу өнеркәсібі салаларына жататын, шикізатты, материалдарды, заттарды, жаңа өнімге арналған құрамдастарды өңдеумен байланысты қызмет түрлері; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-2) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-3) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірнеше тұлға мен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 6) «бір терезе» қағидаты - өтініш берушілердің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттік және өзге көрсетілетін қызметтерді ұсыну нысаны; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) бірыңғай технологиялық процесс - бір басым немесе бейінді емес қызмет түрі шеңберінде өндіру процесінде орындалатын технологиялық жағынан өзара байланысты және дәйекті әрекеттердің (жұмыстардың) жиынтығы. Бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлерінің жиынтығы басым және (немесе) бейінді емес қызмет түрінің ажырамас бөлігі болып табылады және онымен біртұтастықты құрайды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) ерекше индустриялық аймақ - аумағында халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол берілетін, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құратын жекеше индустриялық аймақтың өзге түрі; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды 7-2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы - ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі құратын немесе айқындайтын заңды тұлға; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) жоба - арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің, қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның басым немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені; 9) индустриялық аймақ - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ; 10) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы - индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға; 11) индустриялық аймақтың қатысушысы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға; 12) инфрақұрылым объектілері - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер; 13) қосалқы қызмет түрлері - арнайы экономикалық аймақтың аумағында оның қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметіне қызмет көрсету үшін қажетті қызмет түрлері; 14) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар - осы Заңға сәйкес қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар; 15) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 16) өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның орынбасары басқаратын, осы Заңға сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе бейінді емес, немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға; 18) сарапшылық кеңес - осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы, сондай-ақ республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган; 19) уәкілетті орган - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Осы Заңның күші мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу қағидаттары 1. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу мүдделер теңгерімі, әділдік, транспаренттілік және өндірісті ынталандыру қағидаттарына негізделеді. 2. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы осы Заңда көзделген қағидаттарға қайшы келе алмайды.
5-бап. Мүдделер теңгерімі қағидаты Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың барлық субъектісі мүдделерінің теңгерімін көздейді. Тараптардың құқықтары мен міндеттері мөлшерлес болатын және тараптар өздерінің заңды мүдделерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктерге ие болатын құқықтық қатынастардың жай-күйі осы Заңның мақсаттары үшін мүдделер теңгерімі деп түсініледі.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларына, осындай қызметті жүзеге асыруға арналған талаптар сақталған жағдайда, осындай аймақтардың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін қол жеткізудің тең мүмкіндіктері беріледі.
7-бап. Транспаренттілік қағидаты Транспаренттілік қағидаты арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру кезінде, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының қызметті жүзеге асыруы және жаңа қатысушыларды осындай аймақтардың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін жіберу кезінде бүкпесіз, ашық және жариялы рәсімдерді қамтамасыз етуден көрінеді.
8-бап. Өндірісті ынталандыру қағидаты Өндірісті ынталандыру қағидаты отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өнім берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсетуден көрінеді.
9-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары 1. Арнайы экономикалық аймақ өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, қызметтерді ұсынудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады. 2. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шекара маңындағы сауданы және шектес жатқан шекара маңы аумақтарының экономикасын дамыту, көліктік инфрақұрылымды, туризмді және Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарының мәдени өзара іс-қимылын дамыту мақсатында да құрылады. 3. Индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2-тарау. ҮКІМЕТТІҢ, ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) мынадай: арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарын айқындауды, оның ережесін және нысаналы индикаторларын бекітуді қоса алғанда, оны құру туралы; арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін ұзарту шарттарын белгілей отырып, осындай ұзарту туралы; арнайы экономикалық аймақты тарату туралы; арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру немесе айқындау; арнайы экономикалық аймақтың атауын өзгерту туралы шешімдер қабылдау; 3) - 5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне: 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармаша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу; 4) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мынадай үлгілік шарттар мен нысандарды: арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын; қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды; арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың нысандарын; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы актінің нысанын; бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту; 6) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту; 7) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту; 8) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) сарапшылық кеңесті құру және оның ережесін бекіту; 10) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу; 11) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту; 12) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 13) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 15) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы4-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу қағидаттары5-бап. Мүдделер теңгерімі қағидаты6-бап. Әділдік қағидаты7-бап. Транспаренттілік қағидаты8-бап. Өндірісті ынталандыру қағидаты9-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары 2-тарау. ҮКІМЕТТІҢ, ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті11-бап. Уәкілетті органның құзыреті12-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті13-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ15-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру тәртібі16-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі19-бап. Қызмет түрін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу тәртібі20-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесінен айыру рәсімі21-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар22-бап. Тұлғаларды қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберу негізі мен рәсімі23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну24-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату25-бап. Арнайы экономикалық аймаққа қатысу құқығын беру 4-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ26-бап. Индустриялық аймақтардың түрлері27-бап. Индустриялық аймақты құру туралы жалпы ережелер28-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі29-бап. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі30-бап. Жекеше индустриялық аймақты құру тәртібі31-бап. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі32-бап. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстарды қабылдамау үшін негіздер33-бап. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары33-1-бап. Ерекше индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі34-бап. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру35-бап. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты тарату35-1-бап. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру 5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ6-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ38-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын құру39-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары40-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу41-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері41-1-бап. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері42-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу43-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыру 7-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ44-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру45-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары46-бап. Индустриялық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері47-бап. Индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу48-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыру49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тарату 8-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ50-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі51-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компанияларына, индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу53-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар54-бап. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік жұмыс күшін тарту55-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |