|
|
|
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы (2016.10.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығын іске асыру мақсатында қызметкерлер санын қысқартуды ескере отырып, штат кестелеріне өзгерістер енгізсін және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тиісті ақпарат енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың аражігін ажыратуға байланысты қызметкерлердің санын қайта бөлу және беру жөнінде ұсыныстар енгізсін. 4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) екі ай мерзімде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына сәйкес орталық атқарушы органдардың штат санын қысқарту жөнінде ақпарат; 2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2008 жылғы 30 сәуірге дейін «Қазына» орнықты даму қоры», «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық холдингі», «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс істеуін ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын оңтайландыру жөнінде ақпарат енгізсін. 5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын және оның төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау және өртке қарсы қызмет комитеттерін оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізсін. 6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен бекітілген
Лимиттер 2016 ж. 10 қарашада берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың
* - штат санының лимиті оқу-көмекші персонал ескерілмей көрсетілген. ** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 30 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді; *** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 7 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді; **** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 8 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат). 3. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы № 1162 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 44, 584-құжат). 6. «Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1305 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 643-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 648-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 28 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 27-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 30-құжат). 10. «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысының 10-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 36-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 139 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 62-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 142 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 67-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 136-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 353 қаулысы. 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 509 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 208-құжат). 17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 586 Қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |