Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығына қосымша
тізбесі
1. «Өрт қауіптілігі бойынша 4 топқа жатқызылған объектілерді паспорттау туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 18 маусымдағы № 141 бұйрығы. 2. «Азаматтық қорғаныстың оқу-материалдық базасы туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 17 шілдедегі № 161 бұйрығы. 3. «Даярлау және оқыту орталықтарын техникамен және оқу мүлкімен жарақтау нормаларын қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 24 шілдедегі № 164 бұйрығы. 4. «Облыстардың, Алматы қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің (Басқарма, Бас Басқарма құқықтарындағы) үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 10 қазандағы № 198 бұйрығы. 5. «Азаматтық қорғаныс құралымдарымен арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәлімдемені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 3 қарашадағы № 211 бұйрығы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|