Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2023 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11108 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12566 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|