Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 Бұйрығына 4 қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» (2021.18.01. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді. 3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүгінеді. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|