|
|
|
Алматы қаласында қоғамдық тамақтану объектілерінің жанынан жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабының 9-24) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласында қоғамдық тамақтану объектілерінің жанынан жазғы алаңдарды орнату қағидалары бекітілсін. 2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 1/80 қаулысына қосымша
Алматы қаласында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жанынан жазғы алаңдарды орнату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жанынан жазғы алаңдарды орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-24) тармақшасына сәйкес әзірленді. Осы Қағидалар Алматы қаласының аумағында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жанындағы жазғы алаңдардың жұмысын жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) кәсіпкерлік субъектісі - бұл жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |