«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы Ереженің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 100), 132), 264), 396) және 446) тармақшаларын, сондай-ақ Ереженің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 43) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 165 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады: 1) бюджеттік жоспарлау; 2) бюджетті атқару; 3) бухгалтерлік есеп жүргізу; 4) бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілік; 5) салықтық және кедендік әкімшілендіру; 6) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу; 7) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы; 8) Қазақстан Республикасының кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу; 9) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару; 10) бюджеттік кредиттеу; 11) республикалық мүлікті басқару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|