Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы (2015.11.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2014 жылғы 12 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2014 жылғы 22 желтоқсан
Энергетика министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|