Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы (2011.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі (арнайы оқыту курсы) ретінде «Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығының мамандандырылған оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1240 қаулысына: 2-тармақ алынып тасталсын; 2) «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде: 3-тармақтың бiрiншi абзацы «10» деген сандардан кейiн «10-1» деген сандармен толықтырылсын; қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі № 700 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 10-1-қосымша
Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру жөнiндегі мамандандырылған оқу орталықтары (арнайы оқыту курсы) үшiн белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгілерi, модельдерi, саны
Қосымша. Оқ-дәрілердiң нормалары: күзетшiлердi оқыту - оқушыға әрбiр қарудың түрiне 18 патрон; жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөніндегі мамандарды оқытуға - оқушыға барлық курсқа 500 патрон; қарудың атуын тексеруге - бiр ұңғыға 8 патрон есебiнен белгiленедi. |