Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ететін уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 1-тарау мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті.»; Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|